Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте, 9-11 желтоқсан аралығында арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және аяз сақталады. Ал атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, республиканың оңтүстігінде 9 желтоқсанда қалың қар жауады. Тау бөктерінде және таулы аймақтарда -11 градус суық болады.