«Ешқандай да шетелдік инвестор қатыспайды. Кәсіпорынды Қазақстан инвесторы иеленіп, басқаратын болады. Бұл ретте 3 жыл ішінде инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $3,5 млрд-ты құрайды. Жақын арада кәсіпорынның операциялық жұмысын жақсартуда инвестициялар көлемі $1 млрд-тан асады», деді Қ.Шарлапаев
Оның айтуынша, Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы арасындағы келісімге 7 желтоқсанда қол қойылған. Ал барлық есеп айырысулар мен акция аударымдары кеше түстен кейін аяқталыпты.
«Біз ArcelorMittal компаниясы тарапынан «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық мөлшері, сондай-ақ кәсіпорынның одан әрі жұмыс істеу шарттары туралы ұзақ келіссөздер жүргіздік», деді министр.