Шымкент қаласының тұрғынын әлеуметтік желі арқылы танысқан адам несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұзатпай қолға түсірді. Күдікті интернет арқылы танысып, сөйлескен қызды «тосын сый тарту етемін» деп көзін байлап пәтерге әкелген. Артынша пышақ тақап, қорқыту арқылы несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Қаскөй несие қаражатын өзінің есепшотына аудартып қашып кеткен. Орал қаласынан жұмыс істеу мақсатында келген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.