• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жоба 09 Желтоқсан, 2023

Түркістандық оқушы «Автоматтандырылған автотұрақ» ойлап тапты

272 рет
көрсетілді

7-сынып оқушысы Әділет Медеу «Автоматтандырылған автотұрақ» ойлап тауып, өнертабысын патенттеуге құжат тапсырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылындағы М.Шаханов атындағы мектептің робототехника үйірмесінің жетекшісі Оразбек Смаилдан робот жасаудың негізін үйреніп, үнемі білімін жетілдіріп келе жатқан Ә.Медеу көп ізденістің нәтижесінде биыл адамның толықтай қатысуынсыз өздігінен автотұрақ қызметін реттейтін ғимарат жобасын ойлап тапқан.

Қазіргі уақытта ірі қалаларда ең өзекті мәселенің бірі – автотұрақтардың жеткіліксіздігі екені мәлім. Осы тұрғыда жас өнертапқыштың жобасы көптеген байқауларда топ жарған. Ал биыл наурыз айында Шучье қаласында өткен республикалық байқауда ІІ орынды жеңіп алған.

Айта кетсек, жас ғалым Әділет Медеу өзінің «Автоматтандырылған автотұрақ» жобасына авторлық құқықты алу мақсатында «Қазпатент» ұлттық зияткерлік меншік институтына құжаттарын өткізіп, зияткерлік меншік куәлігін алуды жоспарлап отыр.