Хорватияның Загреб қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан спортшысы Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Golden Spin турнирінде қысқа және еркін бағдарламадан 235.29 ұпай жинаған отандасымыз жеңіс тұғырының екінші орын сатысынан көрінді.
Бірінші орын алған қытайлық Цзинь Боян (258.67) болса, үшінші орынды 224.24 ұпай жинаған эстониялық Александр Селевко еншіледі.