Хоккейден І дивизиондағы Әлем Чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
Будапештте басталған байрақты бәсекеде Венгрия құрамасын Сергей Старыгиннің шәкірттері 5:2 көрсеткішімен ұтты. Ұлттық құрама сапында Бейбарыс Оразов, Егор Смолянинов, Артем Авдеенко, Всеволод Ловгин (дубль) көзге түсті.
Хоккейшілеріміз бүгін Дания жастар құрамасымен кездеседі. Айта кетсек, І дивизионның жеңімпазы келесі жылы Жастар арасындағы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алады.