• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Желтоқсан, 2023

Кеншілерді қарумен қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

237 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында «Қармет» кеншілерін қорқытып, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Ұсталғандардың осы типтегі 15 фактіге қатысы бары анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыс Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен әшкере болды.

Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан. Аталған аймақтағы Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді де ұрлаған. Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді.

Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық істі Қарағанды облысы полиция департаменті тергеуді қолға алды. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді», деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.