Бүгін сағат 12:36-да Қостанай қаласындағы Амангелді елді мекенінде газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалған еді. Құтқарушылар 3 адамды үйінді астынан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қиранды астынан шығарылған үш адамның үшеуі де аман.
Қазір төтенше жағдай болған орында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті жарылыс жүк көліктерін жөндейтін ғимаратта болғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалғанын хабарлаған едік.