• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Шахмат 11 Желтоқсан, 2023

БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында шахматтан турнир өтеді

181 рет
көрсетілді

Қазақстан шахмат федерациясы Тәуелсіздік күні қарсаңында БАҚ өкілдері және блогерлер арасында Media Chess Cup турнирін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге. Жеңімпаз 500 000 теңге немесе желтоқсан айының соңында Самарқанд қаласында өтетін рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына жолдама-грант иегері атанады.

Жарыс швейцариялық жүйеге және ФИДЕ ережесіне сәйкес 7 тур бойы «Swiss-Manager» компьютерлік жеребесін қолдана отырылып өткізіледі. Қатысушыға партия соңына дейін 10 минут беріледі, бұған әр жүріске 5 секунд қосылады.

Байрақты дода 15 желтоқсан сағат 11:00-15:30 аралығында Алматы қаласы Қожанов көшесі, 2/2 мекенжайында өтеді. Турнирдің басты серіктесі - Freedom Broker компаниясы.

Қатысушыларды тіркеу 2023 жылдың 12 желтоқсаны сағат 12.00-де аяқталады. Өтінімдер yernur.sovetkali@kazchess.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.