• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Желтоқсан, 2023

Белгілі спортшылар туралы кітап жарық көрді

282 рет
көрсетілді

Елдос Сметов, Бекзат Саттарханов, Ольга Рыпакова секілді 17 спортшының балалық шағы мен спорттағы жолын баяндайтын «Чемпиондыққа жетелеген жол» атты кітаптың таныстыру іс-шарасы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп  жазады Egemen.kz.

Кітап авторы Унзила Мыңбай. Қоғамға пайдасы бар кітап жазуды ол ғұмыр бойы армандаған екен. Жазғанын екі мәрте жарияламаған Ү.Мыңбайдың өз сөзінше енді күтпеген жерден спорт жұлдыздары туралы 200 беттен асатын кітап жазып шыққан, оған 6 айдан астам уақыты кеткен.

«Көпшілік әр спортшының бәсекесін 4 жылда бір рет өтетін Олимпиадада ғана тамашалайды. Алайда отандастарымыздың Олимпиадада өнер көрсету үшін төккен тері, қиыншылығы кадрдан тыс қалады. Міне осындай ерекшеліктерді қауымға таныстыруды көздедік», дейді кітап авторы.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша аталған кітап егер қоғам тарапынан сұранысқа ие болса, өзге де спортшылардың өмірбаянын жарыққа шығару жоспарланып отыр.