• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Желтоқсан, 2023

Елімізде аяздың беті қашан қайтады?

430 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, дегенмен аязды күндер қайта басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның шығысы арктикалық антициклонның ықпалында болады. Сондықтан мұнда аязды температура әзірге тұра береді. 15-16 желтоқсанда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл тұрады.

«Ауа температурасы түнде бірте-бірте көтеріледі. Батыста — 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста және орталықта — 10-25 градус аяз, солтүстікте — 17-28 градус, оңтүстікте — 5-18 градус, оңтүстік-шығыста — 10-25 градус аязға дейін жылынады», дейді мамандар. 

Десе де, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады.