• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Желтоқсан, 2023

Отандас хоккейші АҚШ-та рекорд орнатты

186 рет
көрсетілді

Отандасымыз Бексұлтан Мақыш Бостон хоккей академиясының U15 командасында 100 ұпайды (55 гол + 45 ассист) ең жылдам (44 ойын) жинаған хоккейші атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Sportqazaq Telegram арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар 15 жасар Бексұлтан БХА сапында бір маусымда ең көп гол (55 шайба) соққан ойыншы болып тіркелді.

Осыған дейінгі рекорд (47 шайба) Кэмерон Штельге тиесілі еді.

Бұған дейін де Б.Мақыш көп гол соғу мен нәтижелі пас беру бойынша жақсы көрсеткіштердің иесі болған.