• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Алматы 13 Желтоқсан, 2023

Биыл TikTok платформасының қосымшасы қазақ тілінде сөйледі

130 рет
көрсетілді

Таяу күндері TikTok платформасы 2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның ең жарқын трендтері, көрнекті креаторлары мен басты хиттерінің тізімін жариялады.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде күнделікті 1 миллиардтан астам адам TikTok-та түрлі контент жасап отыр. Дегенмен 2023 жылы платформаның Қазақстандағы қауымдастығы айтарлықтай белсенділік танытқан. Сонымен жыл соңында «Қазақстандағы танымал роликтер», «Жыл топжарғаны», «Қазақстан креаторлары» «Басты хиттер», «Жылдың музыкалық артисі», «Жергілікті бизнес», «TikTok-тан үйрен», «ТikTok-та ғана», «#KiтапТок», «Қазақ мәдениеті» аталымдары бойынша топжарған қолданушылар анықталды.

Оған қоса 2023 жылдан бастап қазақ тіліндегі TikTok қосымшасы іске қосылды. Биыл TikTok мәдениет және спорт  министрлігінің қолдауымен Наурыз мерекесінің құрметіне орай, ең алғашқы #Наурыз2023 онлайн-фестивалін ұйымдастырған. Онлайн-фестиваль аясында жарияланған бейнебаяндар 200 миллионнан аса қаралым жинады.

Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен TikTok-та ең ірі виртуалды кітап клуб – #Kitaptok-қа қосылды. Жоба іске қосылғаннан кейін бір ғана айдың ішінде 35 миллионнан астам қаралым жинап, бұл бастаманы әр аймақтағы 18 кітапхана мен TikTok контентіндегі танымал авторлар қолдаған.

Сол сияқты платформада #Қазақстанмұғалімдері жобасы ауқымын кеңейтті. Байқауда мектеп мұғалімдерімен қоса, колледждер мен жоғары білім беретін ұйымдардың оқытушылары да бақтарын сынады. Жарыстың нәтижесі 2023 жылдың желтоқсан айында жария болады.

Өтіп бара жатқан жылдың соны бастамасы – TikTok пен Kazakh Tourism ҰҚ ауқымды, ұзақ мерзімге арналған #Қазақстангидін іске қосса, оның аясында қолданушылар көрікті мекендер, мәдени орындар мен бүкіл елдегі гастрономиялық туризмге арналған орындар туралы бейнебаяндар түсірді. Жобаның мақсаты – ішкі туризмге назар аудартып, платформа қауымдастығын туған жерге көбірек саяхаттауға шақырып, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау таныта отырып, мәдени және туристік ұйымдарға өздерін насихаттап, жаңа аудитория тарту болатын.

Ең бастысы, TikTok үшін қолданушылардың қауіпсіздігі басым бағыт болып қала беретіндіктен, қолданушыларының цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған Қазақстандағы «Қауіпсіздік академиясы» ағартушылық  бастамасын дамытуды жалғастырды. Биыл осы бастаманың аясында TikTok ЮНИСЕФ, AlmaU сияқты ұйымдардың сарапшыларымен бірлесіп, бірқатар жобаны іске қосты.

АЛМАТЫ