• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Желтоқсан, 2023

Сақтандыру төлемі 6,4 млрд теңгеден асты

156 рет
көрсетілді

Соңғы мәліметтерге сәйкес «Евразия» сақтандыру компаниясы Түркияның оңтүстік шығысында орын алған алапат жер сілкінісінен зардап шеккендерге халықаралық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша кезекті 2,4 млн еуро немесе 1,2 млрд теңге төлем жасаған. Осылайша, отандық сақтандыру компаниясының жалпы төлем сомасы 13 млн еуро немесе 6,4 млрд теңгеге жетті. «Евразия» СҚ – Түркиядағы жер сілкінісінен кейін сақтандыру төлемін жүзеге асыруға шыққан Қазақстандағы жалғыз компания екендігін бөле-жарып айта кеткен жөн.

Түркияда (TCIP) пәтер мен жеке үйді – тұрғын үйді міндетті сақ­­тандыру бағдарламасы бар екен­­дігін, оның шарттары бо­йынша Түркиядағы кез келген мүлік иесі жыл сайын сақ­тан­дыру жарнасын төлеп тұруға міндетті екенін айта кету керек. Мұндай сақтандырудың құны жыл сайын орта есеппен шамамен 300 түрік лирасы (10 доллардан көптеу) тұрады. Дегенмен үй иелерінің 50%-ы ғана сақтандыру жарнасын тұрақты төлеп келген.

Міндетті сақтандыру бағ­дар­­ламасын басқару үшін Түр­кияда Türk Reasürans арнайы мемлекеттік компаниясы құ­рыл­ған. Дүние жүзі бойынша сақ­тан­дыру компаниялары, сондай-ақ «Евразия» СК TCIP қайта сақтандыру бағдарламасына қа­­ты­сады. Осы бағдарлама бо­йын­ша анықталған шығын көлемі 2 миллиард доллардан асқан. Түркия сақтандыру компанияларынан сақтандыру төлеміне алғашқы өтініштер халықаралық сақтандырушыларға зілзаладан кейін бір айдан кейін – наурыз айын­­­да келіп түскен болатын.

«Түрік жер сілкінісі – түрік халқына ұзақ жылдарға терең жара қалдырған үлкен қайғы. Апаттан кейін тоғыз ай өтсе де, біздегі сақтандыру төлемдеріне өтініштер жалғасып жатыр. Біз өз міндетімізді орындау үшін және түрік халқын қолдау үшін соңғы лираға дейін төлем жасауды тоқ­тат­паймыз», дейді «Евразия» СК басқарма төрағасының бірін­ші орынбасары Самат Қабдолов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл­­­ғы ақпан айының басында Түр­­­­кияның оңтүстік-шығысында он бір провинция зілзаладан зардап шеккен. СК Қазақстандағы халықаралық қайта сақтандыру бойынша кіріс жалпы 74,3 млрд теңгеден астам немесе 160 млн дол­ларға жуық сома жалпы сыйа­қы­лардың 81,1%-ды құрайды. Апаттан 50 мыңнан астам адам қайтыс болып, 100 мыңнан астам адам жарақат алды. Түрік сақтандыру компанияларына TCIP бағдарламасы мен ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алу үшін жарты миллионнан астам өтініш келіп түскен.

Түркия үкіметі жер сіл­кі­нісінен болған шығын көле­мін ІЖӨ-нің шамамен 9%-ын құрайтын 103 млрд долларға бағалады. Дегенмен Munich Re сақтандыру компа­ния­сының есептеуінше зардап шек­кен­дер­дің шығыны 43 млрд долларды құрайды немесе зардап кө­лемін 39% жабатын және аудан­ның экономикалық қайта қал­пына келуге көмектеседі.

«Евразия» СК әлем бойынша шығыны миллиондардан асатын апаттық жер сілкінісі, дауыл сияқты апаттарды халықаралық қайта сақтандыру саласында көп жылғы тәжірибесі бар.

Сонымен 2023 жылдың он айының қорытындысына көз салсақ, «Евразия» сақтандыру компаниясының Қазақстандағы халықаралық қайта сақтандыру бойынша кірісі 74,3 млрд тең­геден асқанын немесе 160 млн долларға жеткен. Яғни шетелден қайта сақтандыру бойынша нарықта барлығы 74,3 млрд теңге жиналса, оның 81,1%-ы «Евразия» СК-ның үлесіне тиді.