Флоридада (АҚШ) өткен бокс кешінде франциялық Мохамед Мимунды (23-5, 4 КО) отандасымыз Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz «Спорт жаңалықтары» телеграм арнасына сілтеме жасап.
Толық он раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақ боксшысының асығы алшысынан түсіп, WBA Continental North Americas титулын сәтті қорғады. Ал М.Мимун осыған дейін IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған.