• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2010

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТТІҢ АШЫЛАР КҮНІ ЖАҚЫН

442 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен “Астананың жаңа университеті” АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушылар уни­верситеттің даярлық орталы­ғын­да оқуға қабылдау ережелерін, оның Халықаралық консуль­та­тивтік және Өнеркәсіптік кеңес­терінің құрамын бекітті. Астананың жаңа универ­си­те­тінің ашылуы 2010 жылдың 28 маусымына белгіленген, сол күні әріптес университеттер – халық­аралық жетекші жоо-лармен әріптестік келісім-шарт­тарға қол қою жоспарланып отыр. Өтініш білдір­ген 3 мың абитуриенттің ішінен үздік деген 500 студент іріктеліп алынатын болады. Астананың жаңа университеті ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жедел дамуды және білім беру мен ғылым жүйе­сін халықаралық деңгейге шығаруды қамтамасыз ету, елдің ғылыми-техникалық және инже­нерлік элитасын қалыптастыру үшін құрылған болатын. Жаңа жоо Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үдерісін кадрлар жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Астананың Еуразияның бәсекеге қабілетті адами капиталы бар ғылыми-білім беру және мәдени орталығы ретінде қалыптасу міндеттерін шешуге жағдай жасау мақсаттарын көздейді.