• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Желтоқсан, 2023

Әлемдік сән брендтері 2024 жылы қандай түс трендте болатынын айтты

590 рет
көрсетілді

Pantone консалтингтік компаниясы дәстүрлі үрдісіне сай 2024 жылдың басты түсін таңдады. Компанияның таңдауы биыл ашық қызғылт сары түске түскен. Олар бұл түсті «шабдалы мамығы» (Peach Fuzz, персиковый пух) деп атауды ұсынды. Ұсынысты Италияның үздік сән үйлері Gucci, Jil Sander және Sportmax брендтері қолдап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Pantone пікірінше, келер жылдың басты түсі болғалы тұрған шабдалы реңкі ішкі тыныштықты сақтай отыра, әлеуметтік қоғаммен терең байланыс ұғымын аңғартып тұрмақ.

Компания таңдауын Pantone бас директоры Леатрис Эйсман:

«Біз қақтығысқа толы ғасырда, қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Өміріміздің көп тұсында күйзеліске жиі еніп кетеміз.  Жанашырлық, қамқорлық көп қажет. «Шабдалы мамығы» түсі осындай сезімдерді сезінуге мүмкіндік береді, деп түсіндірді.

Шабдалы реңкі түсі бейнелі түрде артық 1-2 кг салмақ қосқанмен, адамның сын-сымбатын жинақы, түр-тұлғасын айқын етіп көрсетеді.

Аталған компания әр жылдың үздік түсін 25 жылдан бері таңдап келеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың бас түсі деп ашық қызғылт реңк (ярко малиновый, Viva Magenta) таңдалған еді.