Бүгін, 14 желтоқсанда Ақтөбе қаласында қайғылы жағдай болды. Анықталғандай, жетінші сынып оқушысы мектепте көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«13 жасар бала мектепте құлап, үстелдің ұшына соғылды. Ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Қарау кезінде ұйқы артериясында пульсация болмады, қан қысымы анықталмады. Есі жоқ, иек тұсы жараланған. Дереу реанимация басталды. Бала сағат 11:25-те қайтыс болды», деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев «Диапазон» басылымына.Қайғылы оқиғаға куә болғандардың айтуынша, оқушы сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, тамағымен үстелдің бұрышына құлаған.