• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Марапат 14 Желтоқсан, 2023

Үздік дәрігерлердің марапаты

221 рет
көрсетілді

Астанада «Deni sau ult» атты ұлттық медициналық саммит өтті. Оған Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мем­лекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, отандық және шетел­дік сарапшылар, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөз алған Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова дәрігерлердің халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, отандық меди­цинаның дамуы жолындағы еңбегін атап өтіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ вице-премьер саланы дамыту жолында Үкімет қолға алған іс-шаралар туралы да айтып өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – халық­тың қолжетімді әрі сапалы медицина­лық қызмет алуы үшін жағдай жасау. Қазірде еліміздің әр аймағында маман­дарымыз күрделі оталар, оның ішін­де жүрек-қан тамырлары ауруларына бай­ланысты операциялар жасап жүр. Бұл медицина­лық қызмет сапасын ай­тар­­лықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Мем­лекет басшысының тапсырмасы­на сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаң­­­ғырту» ұлттық жобасы жүзеге асы­ры­­­лып келеді. Оның аясында ауыл­дар­да 655 алғашқы медициналық-санита­рия­­­лық көмек көрсету нысанын ашу мақ­с­аты тұр. Олардың бір бөлігі қазірде ашы­лып, жұмыс істеп тұр», деді Т.Дүйсенова.

Денсаулық сақтау министрлігі ұйым­дас­тырған саммит еліміздің бар­лық өңірінен келген 1 500-ге жуық адам­ның басын қосты. Бұл жиын медицина сала­сын­дағы соңғы жетіс­тіктерді талқылау мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Саммит аясында дәстүрлі түрде үзік отандық мамандарға «Аltyn shipager» ұлттық медицина сыйлығы табысталды. Жеңімпаздар 17 аталым бойынша марапатталды. Олардың қатарында стационар, жедел жәрдем дәрігерлері, ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлері, медициналық колледж ұстаздары, провизорлар, фельдшерлер, медбикелер және т.б. мамандар бар.