• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 15 Желтоқсан, 2023

Экс-вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты үкім өзгерді

338 рет
көрсетілді

Бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ИИДМ бұрынғы вице-министрін ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы). Іс жазасын өтеу мекемені өзгертуді сұраған прокурордың апелляциялық өтініші бойынша, сондай-ақ сотталған мен оның қорғаушыларының оның кінәсіздігі туралы дәлелдері көрсетілген апелляциялық шағымдары бойынша қайта қаралды. Сотталғанның қылмыс жасаудағы кінәсінің дәлелденгеніне сәйкес, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен үкімнің күшін жоюға негіз болған жоқ», делінген хабарламада.

Сот үкімі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны төменгі қауіпсіздіктен орташаға қауіпсіздікте өтеу бөлігінде өзгертілді.

Үкім заңды күшіне енді.