Жамбылдық құтқарушылар Қордай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетіп, күш қосу үшін Қырғызстан Республикасынан келген әріптестерін шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрші елден 8 бірлік техника мен 42 адамнан тұратын күштер мен құралдар көмек көрсетуге келген еді.
Қырғызстан Республикасы ТЖМ бөлімшелері ескі Қордай асуында қар құрсауынан 16 адамды құтқарып, 2 жүк және 3 жеңіл автокөлікті шығарды.
Қырғыз елінің құтқарушыларына Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс хаттар табысталды.