• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Желтоқсан, 2023

Ертең бірнеше өңірде қалың қар жауып, көктайғақ болады

640 рет
көрсетілді

Синоптиктер 18 желтоқсанда бірнеше өңірде қар қалың түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК 18 желтоқсанда ел аумағында қалың қар жауып, көктайғақ болатынын мәлім қылды.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын жел күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысында түнде тек батысында, ал күндіз облыстың барлық аумағында бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с  болады.

Абай облысының орталығында жаяу бұрқасын болады деп болжанды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.