Қызылорда қаласында полиция қызметкері Қуаныш Қайрат көпірден секірмекші болған әйел кісіні құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына отбасылық кикілжіңнің әсер еткені анықталды.
«Полиция сержанты қызметін атқару барысында сол жағалау бөлігіне баратын көпірден секірмекші болған азаматшаны байқаған. Дереу «102» арнасына хабарлама беріп, жедел-тергеу тобы келемін дегенше азаматшаны сөзге тартқан. Полиция сержанты әйел кісі төменге қарай секіруге әрекет еткен сәтінде белінен ұстап алып, оның өміріне араша түсті. Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Қазіргі таңда азаматшаның жағдайы тұрақты», деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.