• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Желтоқсан, 2023

Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын бостандыққа шықпауының себебі айтылды

238 рет
көрсетілді

2022 жылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану,  аса ірі көлемде  қаржы жымқыру фактісі бойынша айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдының өтініші  сотка қанағаттандырылмады, деп хабарлайды  Egemen.kz Шығыс Қазақстан облыстық  сотының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

«Сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады», делінген облыстық соттың ақпаратында.

Сот оның  өтінішін қанағаттандырмауға  тәртіп бұзушылығы мен іс-әрекетінің тұрақсыздығы негізгі себеп екенін айтты.