Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен турнирде жергілікті спортшы Стив Томпсонды ұтқаннан кейін Шавқат Рахмонов UFC-дегі рейтингін жақсартты.
29 жастағы қандасымыз аталған жарысқа дейін жартылай орта салмақтағы файтерлердің рейтингінде бесінші орында тұрған. Ал кейінгі жарқын жеңісінен кейін Рахмонов екі сатыға жоғарлап, қазіргі кезде үшінші орынды еншілеуде. Оның алдында – тек 36 жастағы Камару Усман мен 35 жастағы Белал Мұхаммад. Олар АҚШ-тың туы астында өнер көрсеткенімен, екеуінің де шыққан тегі мүлдем басқа. Атап айтсақ, Усман Нигерияның Аучи қаласында туып өсті, ал Белалдың ата-аналары – Палестинаның тумалары.
Әзірге бұл салмақтың чемпиондық атағы Леон Эдварсқа тиесілі. Ямайкада дүниеге келген 32 жастағы «Рокки» бүгінгі таңда Ұлыбританияда тұрып жатыр және де сол елдің намысын қорғауда.