• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауыл 21 Желтоқсан, 2023

Ауылдағы айтулы күн

141 рет
көрсетілді

Таяуда Балкашин ауылының тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды. Шығармашылық үйі мен музыка мектебі пайдалануға беріліп, ел ертеңі сана­тындағы жас ұрпақ өздеріне көрсетіліп жатқан қамқор­лықты жас жүректерімен сезініп, арқа-жарқа қуанып жүр.

Бүгінгі таңда алдыңғы тол­қынның өкшесін басып келе жатқан жастармен бірге бала­лардың да болашағына ай­рықша назар аударылып ке­леді. Олардың білімді, білік­ті болуымен қатар, рухани кемелденіп, таным көкжиегі кеңеюіне, жаратқан ие сыйлаған қабілеттерінің арқасында өнер­лі болып өсуіне қолайлы жағ­дай туғызу ең алдымен ел е­р­теңін ойлағандық. Ауылдың байырғы тұрғындарының бірі Флорентина Келлердің айтуына қарағанда, ол сонау 1982 жылы пионерлер үйіндегі үйірмелерге қатысқан екен. Кейін бұл үй шіркеуге айналған. Одан соңғы жылдары село тұрғындары бауы­р еті балаларының жан-жақты дамуын аңсаумен күн кешкен. Көп тілегі қабыл болып, қос бірдей шығармашылық мекеменің ашылуы ертеңге деген ел сенімін нығайтып отыр. Аудандық білім бөлімінің мең­герушісі Арай Әбенованың ай­туына қарағанда, балалар мен жасөспірімдер шығар­ма­шы­лығы орталығындағы үйір­мелерге 120 бала жазылған. Ал му­зыка мектебіне 60 талапкер қатысады, 18 ұстаз дәріс бе­реді. Балалар шығармашылық үйінде сегіз үйірме жұмыс іс­тейді. Ал музыка мектебінде бес бағытта білім беру ұйым­дас­тырылған.

Жалпы көлемі 828 шаршы метрді құрайтын ғимаратқа 195 миллион теңгеден астам қара­жат жұмсалған екен. Құры­лыс жұмысы 2022 жылы бас­талып, биыл аяқталған. Облыс­тық бюджеттен 25 миллион теңге қаражат бөлініп, бала­лар мекемелеріне қолайлы жағ­дай туғызу үшін игерілген. Ата-ана­лар балаларының ел қатарлы өнерлі де өнегелі болып өсеріне сеніп, көңілдерін демдеп отыр.

 

Ақмола облысы,

Сандықтау ауданы