• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Желтоқсан, 2023

Елімізде жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

595 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, алдағы жаңа жылдық мереке күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп жазады Egemen.kz. 

Желтоқсанның үшінші онкүндігінде жұртшылық мерекелік көңіл күйде болады. Көпшілік мерекенің лебін толық сезінуді күн райына да байланыстырып жатады.

Десе де синоптиктер айдың соңғы күндері ел аумағында жауын-шашын, қар мөлшері аз екенін мәлім қылды. 31 желтоқсан күні тек Батыс, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы облыстарында қар жауады деп болжанған.

Маңғыстауда жаңа жыл күні жоғары температура болуы мүмкін. Күндіз +3+8°С, түнде -2+3 °С градус жылы болмақ. 

Өзге өңірлерде жауын-шашын түспейді. Термометрдегі температура - 3 - 7 °С  градус салқын ауа райы күтіледі.

Ал мегаполистерге келер болсақ, Астана мен Шымкентте жаңа жыл күні қар жаумайды. Бас қала аспаны бұл күні бұлтты, температура көрсеткіші күндіз - 5 -7°С, түнде - 10 -12°С градусты көрсетіп, жылдамдығы 5-10 м/с болатын жел батыстан соғады. 

Шымкентте күн құбылмайды. Күндіз 0-5 °С, түнде -2-7 °С салқын болады. 

Ал алматылықтар жаңа жылды «ақ ұлпалы атмосферада» қарсы алады. Синоптиктер 31 желтоқсан күні Алматыда қар жауады, ауа температурасы күндіз  0-2 °С, түнде -3-5°С градус төмен болады деп болжап отыр.