Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордада өткен брифингте Жеңіс Қасымбек LRT құрылыс неше жылдан кейін аяқталуы мүмкін екенін айтты.
«Нақты айды, уақытты айтпай-ақ қояйын. Мен қажетті қаржы бөлінген жағдайда екі-екі жарым жыл ішінде салынады деп айттым», деді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетсек, 30 маусымда Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлінген еді.