Желтоқсанның 17-21-і аралығында Қарағанды қаласында бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Аталған турнирде жеңіс тұғырының ең биігіне көтеріліп, алтынмен апталған жеңімпаз боксшылар:
48 келіде әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов.
51 келіде кубалық Жиовис Салфран.
54 келіде Карим Серкебаев.
57 келіде Оразбек Асылқұлов.
60 келіде Талғат Сырымбет.
63,5 және 67 келіде кубалықтар Эрисландо Альварес пен Жайро Рамис.
71 келіде Сабыржан Аққалықов.
75 келіде Ясин Елвираз (Марокко).
80 келіде Жиож Мануел Сото (Куба).
86 келіде Еркебұлан Әкімбай.
92 келіде Сағындық Тоғамбай.
Аса ауыр салмақта Аманат Сабырғали.