• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 22 Желтоқсан, 2023

"Анаммен қоштасып үлгермедім". Белгілі әншінің өкініші

6379 рет
көрсетілді

Қазақ эстрадасы жұлдыздарының бірі Ғаділбек Жаңай анасымен соңғы сәтте қоштасып үлгере алмағанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер иесі бұл жайында Айдос Ербосынұлына берген сұқбатында мәлімдеді.

- 2007 жылы еді, Алматыда тұрамын. Ұйқыдан оянғанымда өзімді өте жаман сезініп жатқанымды байқадым. Еш жерім ауырмайды. Бірақ жүрегім ауырып барады. Сосын "Телефон шалады. Жаман хабар келеді" деген ой кеп жатыр. Сол кезде телефон шырылдайды. Алмаймын. Қайта хабарласты. Телефон тұтқасын көтеру керек екен. Әкемнің бауыры, немере ағам хабарласып тұр. "Ғадөш, бірінші билетпен елге кел. Анаң сырқаттанып жатыр" деді. Содан ауылға барғанға дейінгі аралық есімде жоқ, - деді әнші.

Ол өміріндегі ең жаман сәтті сол кезже басынан өткергенін есіне алды.

- Ауылға келемін. Біздің үй дөңнен кейін көрінеді. Киіз үй тұр. Мамыр айында ешкім киіз үй тікпейді. Жазда күн жылыда тігеді. Сол кезде анаммен қоштасуға кеш қалғанымды түсіндім. Менде бір аптаға дейін эмоция болмады. Мен басында түсінбедім, сенбедім. Анамды жер қойнына тапсырдық. Жетісі өтті. Сенгім келмеді. Қырық жасыма дейін мұндай күй болмаған. Өмірімдегі ең ауыр нәрсе осы болды, - деді Ғаділбек Жаңай.