Астана қаласындағы «Хан Шатыр» cауда орталығы ғимаратында өрт болып, оған келушілер және қызметкерлер мен жұмыскерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 желтоқсанда сағат 14:00-де өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылындағы «Хан Шатыр» сауда орталығындағы өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шұғыл барды.
«Келгеннен кейін өрт сөндірушілер бес минут мұғдарында ғимараттың артқы есігі жағынан қап-қара қою түтіннің шығып жатқанын анықтаған. 10 кв жеке тұрған трансформаторлық қосалқы станция және №0 қабаттағы кабельдік шахта өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД.
Өртті жою бойынша жеке құрамның 66 адамы, қалалық ТЖД-нің 14 техникасы, өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.