• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Желтоқсан, 2023

Астана қаласының оқушысы Президенттен ерекше сый алды

348 рет
көрсетілді

Астана қаласының оқушысы Кемел Жүсіпов өзінің туған күнінде Президентке хат жазды. Хатында ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолтаңбасы жазылған «Әке туралы ой-толғау» кітабын сыйлыққа алғысы келетінін, сондай-ақ Президентті көргісі келетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым сіздің әкеңіздің есімімен аттас - Кемел. Бүгін менің туған күнім және осыдан тура 12 жыл бұрын ата-анам маған бұл есімді қойған. Мен Астана қаласында тұрамын және осы жерде оқимын. Менің сүйікті пәндерім - Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарихы және география. Әртүрлі елдердің банкноттары мен тиындарын да жинаймын. Мен саяхаттауды жақсы көремін және әлемнің төрт елінде болдым.

Мен бүкіл әлемді саяхаттауды армандаймын. Мен әр сапарымда жаңа адамдармен танысып, араласамын. Сізді көріп, сізбен сөйлесіп, қолтаңбаңыз жазылған «Әке туралы сөз» кітабын алуды армандаймын. Менің хатымды оқып, арманым орындалады деп сенемін», деп жазды жасөспірім.

Баланың айтуынша, 21 желтоқсанда оның арманы орындалды. Ол анасымен бірге Президент әкімшілігіне шақырылды, сондай-ақ сыйлыққа кітап алды.

«Кемел Жүсіповке өмірде ақ жол тілейміз! Азамат бол!», деп Мемлекет басшысы қол қойды.

Бала сыйлық үшін ел Президентіне алғысын білдірді.

«Президент менің хатымды оқыды. Ал мен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолтаңбасы мен тілектері жазылған кітапты сыйлық ретінде алдым. Менің арманым орындалды, мен оған әлі сенбеймін. Сізге көп рахмет», деп бала Instagram желісінде алғысын білдірді.