• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Желтоқсан, 2023

Әділет министрі Бишімбаевтің ісіне қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты

178 рет
көрсетілді

Әділет министрі Азамат Есқараев әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевқа қатысты сараптамалар қалай өтіп жатқанын, соңғысы қашан аяқталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша барлығы 12 сараптама тағайындалғаны белгілі.

«Біз құқық қорғау органдарына 11 сараптама қорытындысын жібердік. Жақында 12-ші сараптама келіп түсті. Ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қажетті жұмыстар орындалған соң белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрлігіне жібереміз. Сараптама 30 күн бойы жүргізілуі мүмкін», деп түсіндірді Азамат Есқараев.

Осы тұста Әділет министрі Бишімбаевқа қатысты қандай сараптамалар жүргізіліп жатқанын айтудан бас тартты.

«Бұл қылмыстық процестің құпиясы», деп қысқа қайырды ол.

 

Ведомство басшысы тілшілердің «Қуандық Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін бе?» деген сұрағына да жауап бермеді.

Еске сала кетсек, Бишімбаевтың әкесі отандық журналистерге шағымданып, Ішкі істер министрлігіне арызын жолдаған еді. Азамат Есқараев бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.