• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2023

Екі өңірде жылыжай шаруашылығын субсидиялау басталды

150 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы шаруаларға берілетін субсидия сомасы - 900 миллион теңге. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл қаржының басым бөлігі жылыжай шаруашылығымен айналысатындарға берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жылыжайларды мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығын субсидиялау ережелеріне толықтырулар енгізілгеннен кейін жүзеге асты. Осыған ұқсас норма жылыжай көкөністер өндірісін қолдау мақсатында алғаш рет 2023 жылы енгізілді. Жылыжай иелері субсидияны алу үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификаты (есебінің) болуы керек.

Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті, ауыл шаруашылығы министрлігі мен  бизнес өкілдері бірлесіп әзірледі. Жаңа  норма 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді. 

2023 жылдың 25 желтоқсандағы мәлімет бойынша 814 жылыжай ұлттық стандартқа сәйкестік сертификатын алды, тағы 825 өтінім қарастырылып жатыр.

Бүгінде Түркістан облысы мен Шымкентте қаласы жылыжай шаруа қожалықтарының иелеріне субсидия төлеу басталды. Желтоқсан айында жылыжайларда көкөніс дақылдарын егу басталады. Ал, субсидия мөлшерлемелері Ережеге сәйкес көшеттердің өнген көлеміне қарай төленеді (1 шаршы метрге белгіленген көшеттердің кемінде 95%-ы). Түркістан облысында жылыжай фермерлеріне жалпы көлемі 565 млн теңге, Шымкент қаласындағы жылыжайлар үшін 341,9 млн теңге төленбек. Қазір Түркістан облысында 112 субсидия алатын 106-сы шаруа қожалықтардың жылыжайы, 6-ы өнеркәсіптік жылыжай бар.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі жылыжай шаруашылығын инвестициялық қолдау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейтуге берілетін субсидия көлемін 25%-дан 30%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл норма 2023 жылғы 10 желтоқсанда күшіне енді.