Түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады. Ал бизнес субъектілері үшін айыппұл 345 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салайық, түнгі уақытта отшашу ату заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі.
qazaqstan.tv жазғандай, кәмелет жасына толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланса алдымен ескерту алып, кейін ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқан тұлғалар 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл арқалайды.
«Қазақстанда пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Қазір аталған қызмет түрімен айналысатын 40-тан астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бірқатар баптарымен жауапкершілік көзделген», деп еске салды ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов.