28 желтоқсан күні Ақтауда екпінді жел тұрып, салдарынан қаладағы №3 шағын ауданда орналасқан балабақшаның шатыры ұшып кетті. Шатыр ғимаратқа жақын тұрған 6 автокөлікке зақым келтірген. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқыс жағдай кеше сағат 21:00 шамасында болған.
«Ақтау қаласында 16-21 м/с күшейген екпінді желдің салдарынан 40 шаршы метрді құрайтын «Ясин» балабақшасының шатыры құлады. Салдарынан алты көлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.