Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбатта Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.
«Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады», деп жазды Берік Уәли.