• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Қаңтар, 2024

Бұрқасын. Көктайғақ. Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

1025 рет
көрсетілді

Синоптиктер ертеңгі күн райына байланысты  ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жел болады. Петропавл қаласында 3 қаңтарда түнде ауа температурасының 26-28 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Атырау қаласында 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 

Абай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Семей қаласында 3 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкент қаласында тәуліктің кей уақытында тұман түседі.

3 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 3 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 3 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жел соғады.