Футболдан ел құрамасы Ұлттар лигасына дайындық барысында ақпан айында жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев Qazsport арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бұл жолдастық матч наурыз айында УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойынға дайындық барысында болады.
«Алдағы ойынға жоспар құрып жатырмыз. Еліміздің барлық клубы ұлттық құрамаға көмектеседі деген үміттемін. Ақпан айында жолдастық ойын өткіземіз. Ұлттық құрама футболшылары бір апта бойы дайындықтан өтеді», деді Адиев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.