Болгарияның бас шаһары Софияда өтетін бокстан «Странджа» турниріне қатысатын қазақ спортшыларының есімдері белгілі болды. Тізімді @sportqazaq баспасөз қызметі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
51 кг: Санжар Тәшкенбай
54 кг: Дәулет Молдашев
57 кг: Оразбек Асылқұлов
60 кг: Руслан Күзеубаев
63,5 кг: Ерасыл Танкай
67 кг: Дулат Бекбауов
71 кг: Талғат Шәйкен
75 кг: Нұрқанат Райыс
80 кг: Тұрсынбай Құлахмет
86 кг: Абзал Құттыбеков
92 кг: Сағындық Тоғамбай
Турнир ақпан айының 2-12 күндері аралығында өтеді.
Бокс кеші басталғанға дейін аталған тізімде өзгеріс болуы мүмкін екені де айтылды.