Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге ширек финалда қытайлықтар Юань Юэ және Сю Ванмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-словакиялық жұп сол басымдығын сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте қытайлық дуэт 3:1 есебімен алға кеткенімен, мәселе тай-брейкте шешілді. Онда А.Данилина мен В.Грунчакова жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6).
Сондай-ақ отандасымыз Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге индонезиялық Беатрис Гумуля – жапониялық Рина Сайго жұбымен бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Енді Жібек пен Сапфо жартылай финалға шығу үшін Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен таласады.