• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қаңтар, 2024

Ұлттық қордан балаға ақша түсу үшін Еgov.kz-ке баланы қалай тіркеу керек? (нұсқаулық)

8299 рет
көрсетілді

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет инвестициялық табыстың 50 пайызын аударып отырады. Қордағы қаржыдан балаңыз қағылмау үшін оның азаматтарға арналған үкімет (egov.kz) порталына тіркелгенін қадағалаңыз, деп жазады Egemen.kz.

Балаңыз бұл бағдарламаның қатысушысы болуы үшін:1. Қазақстан азаматы болу керек;2. ЖСН болуы міндетті;3. 2024 жылдың 1 қаңтарында жасы 18-ге толмаған болуы тиіс.

Осы үш талапқа сәйкес келсе баланың есепшотына ұлттық қордан ақша аударылып отырады.

Ескеретіні ата-ана баланың аталған базада бар-жоғын тексеруі қажет.

Егер сіздің egov.kz-тегі «жеке кабинетіңізде» балаңыздың мәліметтері жоқ болса, оны қайта қосу ұсынылады.

Ол үшін компьютер не телефон арқылы egov.kz (eGov mobile) порталына кіресіз. (Аталған құрылғыларда egov.kz порталы жоқ болса жаңадан енгізесіз); Портал ашылғаннан кейін «Кіру» батырмасын басып, портал сұратқан мәліметтерді жазасыз; Жеке кабинет ашылғаннан соң «Отбасы» бөліміне өтесіз. Осы бөлімде жолдасыңыз бен балаларыңыздың жеке мәліметтері шықса, демек, порталдағы базада бала тіркеліп тұрғанын аңғартады.

Ал egov.kz-тегі «Отбасы» бөлімінде балаларыңыздың мәліметтері шықпаса, осы бөлімнен «балалар» батырмасын басасыз.

Балалар бөлімінің төменгі жағында «Баланы қосу» функциясы шығады. Сәйкесінше осы жерде баланың ЖСН нөмірін енгізу сұралады. Балаңыздың ЖСН номерін тергеннен кейін «Қосу» батырмасын басасыз. Осы әрекеттер аяқталғаннан кейін «Бала сәтті қосылды» хабарламасы экранға шығады. Тағы басқа балаңызды тіркеу үшін дәл осы функцияларды қайта орындасаңыз жеткілікті. Жаңарту арқылы балаңыздың базаға тіркелгеніне көз жеткізе аласыз.

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға жылына 100-150 доллар шамасында қаржы аударылады деп жоспарланып отыр.