Париж жазғы Олимпиадасының басталуына да алты айдан аса уақыт қалды. 26 шілдеде жалауы желбіреп, 11 тамызда түңлігі түсірілетін төртжылдық аламанға әлемнің 200-ден аса елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады.
32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы үшін додаға қосылатын саңлақтардың арасында біздің де спортшылар бар. Әзірге еншімізге спорттың 8 түрі бойынша 17 лицензия бұйырды.
Париж Олимпиадасына дейін 90-ға тарта лицензия таратылатын турнир бар. 17 жолдама садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек рим және еркін күрес, бокс, спорттық гимнастикадан бұйырды.