Ақпан айында Болгария елінің астанасы Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді. Осымен 75-рет ұйымдастырылатын «Кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады.
2-12 ақпан аралығында өтетін турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында жақында әскери антын берген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы да мүмкін. Сонымен «Странджа» турниріне қатысатын ел құрамасы: Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Руслан Күзеубаев (60 кг), Ерасыл Танкай (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шәйкен (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг), Абзал Құттыбеков (86 кг), Сағындык Тоғамбай (92 кг).