• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Қаңтар, 2024

Президент Іс басқармасының аппарат басшысы тағайындалды

280 рет
көрсетілді

Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы қызметіне Кенжебаев Серік Әбдірахманұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Әбдірахманұлы 1971 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол бұған дейін Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің «Электрондық коммерция орталығы» РМК директорының орынбасары, Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінде басқарма басшысының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Манғыстау облысы бойынша монополияға қарсы басқармасы бастығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аппарат басшысы болған. 2022 жылдан бері ҚР ПІБ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.