«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүліктері бар Қазақстан азаматтары туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 миллион 435 мың 175 жеке тұлғаның жеке меншік құқығында бір тұрғын үйі (пәтері немесе жеке үйі) бар.
Қазақстанда 20 миллионнан аса адам тұрады. Соңғы санақ бойынша, елде 6,6 миллион бала бар.
Осылайша, елімізде жеке баспанасы жоқ адамдардың саны шамамен 6,9 миллион болады. Бұған олармен бірге тұратын, бірақ тұрғын үйге иелік етуде үлесі жоқ жылжымайтын мүлік иелерінің жұбайлары да кіреді.
Елімізде барлығы 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінен:
944 мың 849 азаматта 2 жылжымайтын мүлік бар; 286 мың 502 азаматтың 3 және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар; оның ішінде 1669 азаматтың 10-нан аса жылжымайтын мүлкі бар.Кәмелетке толмағандардың есебінде 91 мың 534 жылжымайтын мүлік нысаны бар екені хабарланды.