• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Қаңтар, 2024

Бірнеше өңірде қалың қар жауады

2840 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың 6-8 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы демалыс күндері белсенді атлантикалық циклонның науқаны мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

6 қаңтарда елдің солтүстік-батысында қалың қар жауады, ал оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қалың қар жауады. Республиканың солтүстік жартысында қатты жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Бұдан бөлек республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстік және шығысында ауа температурасы күрт төмендейтінін ескертті. Мәселен, елдің батысында және солтүстік-батысында түнде ауа температурасы -8-25°, солтүстікте -5-30°, ал шығыста -5-18°-қа дейін төмендейді.

Ал оңтүстік облыстарда түнгі негізгі фондық температура -5+7° шамасында болады.