Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы деректерді нақтылады, деп жазады Egemen.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 014 575 адам болған. Оның ішінде:
қала халқы – 12 431 220 адам; ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті.
Мамандар халық санының ең жоғары өсу қарқыны келесі аймақтарда тіркелгенін хабарлады:
Астана – 5,11%; Алматы – 2,82%; Маңғыстау облысы – 2,4%.