Дзюдодан жаңа маусымдағы екінші ресми жарыс – Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар белгілі болды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бас бапкер Нұрбол Сүлейменов жеті балуанға үміт артып отыр. Олар: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов (66 кг), Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев (81 кг), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев (100 кг), Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).
Сонымен қатар Португалияның Одивелаш қаласында 26-28 қаңтар аралығында дзюдодан «Grand Prix Portugal» турнирі өтеді. Бұл сайыста ерлерден 13, ал қыздардан 6 дзюдошы отандастарымыз бақ сынайды.