Синоптиктер 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның барлық өңірінде 9 қаңтарда тұман, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.